ҚР Президенті жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстык іс жөніндегі заңға қол қойды
Н.Назарбаев құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі заңға қол қойды
Аталмыш құжатта құқық қорғау органдарының қылмыстық істі атқарудағы құзіреті нақты көрсетілген.
Мәселен, ҚК-тің 108-бабы (денсаулыққа зияны келмейтін жарақат салу) және 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалмай, оған әкімшілік айыппұл салуға болады.
Экономика саласындағы құқықбұзушылықтарды гуманизациялау мақсатында қоғамға аса үлкен зиян тигізбеген экономикалық қылмыстарға тағылатын айыптар жеңілдетілмек. Мәселен, жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық іс қозғалмайды.
Сонымен қатар, ҚК-тің жекелеген баптары бойынша айыпталмаған, бірінші рет құқық бұзып тұрған азамат арызданушының барлық талаптарын (залал) өтейтін болса, оған қатысты қылмыстық іс қозғалмайды.