Өскемен
Қалың бұлтты
-36°
  • Өскемен
    -36°
  • Семей
    -28°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -25°
  • Астана
    -30°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -27°
  • Көкшетау
    -34°
  • Қостанай
    -21°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -34°
  • Петропавловск
    -33°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
    -16°
  • Шымкент
    +5°
$
501.75
+0.49
591.96
+1.58
¥
73.35
+0.38
6.52
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Виртуалды медиация кабинеті ашылды

Облысымыздағы Қазақстан Халықтар Ассамблеясы республика бойынша алғаш болып виртуалды медиация кабинетін ашты

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Виртуалды медиация кабинеті ашылды
Фото:
alibi-detective.ru

«Цифрлік Қазақстан» бағдарламасына орай жасалған бұл виртуалды бағдарлама кәсіби медиаторлар мен республика азаматтары арасында байланыс орнату мақсатында жасалған.

Виртуалды медиация кабинеті ШҚО Достық үйінің интернет порталында орналастырылған.

- Виртуалды медиация кабинетін ашудағы мақсатымыз - халыққа жеңілдік көрсету. Жұртшылыққа үйінде отырып-ақ өзінің мәселесіне қатысты мамандармен кеңес жүргізуіне мүмкіндік беру. Сонымен қатар, елімізде медиация саласын дамытуға да үлес қосу басты мақсатымыз болып отыр. Елбасы ҚХА-ның 22-сессия жиналысында Ассамблеяға медиация саласын дамытуға тапсырма берген болатын. Бұл - халық пен медиаторларды жақындастыруға септігін тигізетін жоба, - деді облыстық Достық үйі директоры Елдар Төлеубеков.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша медиаторлар ұйымының тіркеуінде 47 кәсіби медиатор, қала және аудан әкімдігі сайттарында 174 кәсіби емес медиатор тіркелген.

- Мұндай жобаның Қазақстанда ешқандай ұқсас баламасы жоқ. Жалғыз десек болады. Виртуалды медиация кабинетіне тіркелуді барынша жеңіл қылуға тырыстық. Тек ең қажетті мәліметтерді ғана тіркеуіңізге болады: аты-жөні, ауданы, мекенжайы, ұялы телефон нөмірі және е-mail мекенжайы. Кейін кәсіби медиаторлар сайтқа тіркеле отырып, өздерінің құжаттары мен сертификаттарын жүктейді, - деді виртуалды медиация кабинеті бағдарламасын жасақтаушысы, жоба авторы Александр Михайлин.

Қымбат Берікұлы


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Виртуалды медиация кабинеті ашылды