Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Made in Beskaragay" тауарлық белгісімен өнім шығарылмақ

Бүгінгі таңда Бесқарағай ауданы - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуді жолға қойып, отандық өнімді экспортқа шығаруды көздеп отырған аудандардың бірі

Қазіргі уақытта ауданда 6 ауылшаруашылық кооперативтері және мал өсіру бағытындағы шаруа қожалықтары, өсімдік шаруашылығымен және сүт өндірісімен айналысатын шағын компаниялар жұмыс жасауда. Аудан аумағында 4 сүт тауарлары фермасы мен 2 сүт қабылдау пункті қызмет атқарады. Аудан басшылары 2017-2018 жылдары сүт пен өсімдік шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттауды көздеп отыр.

Бұл аралықта «LONG XIN» ЖШС-мен бірігіп жалпы сомасы 1 млрд теңгеге ауылшаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Зауытта күнбағыс майы алынады әрі күнбағыс пен қауын дәнегі өңделіп, "Made in Beskaragay" қаптамасымен қапталып, Қытайға және Батыс Еуропа елдеріне экспортталатын болады.

"Біз "Made in Kazakhstan" тауарлық белгісін қалыптастыру мен беделін арттыру мақсатында "Made in Beskaragay" тауарлық белгісін жасауды мақсат тұтып отырмыз», - деді Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Рахметуллин.

Одан бөлек аудан басшылығы 2017 жылы жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге «Levanter» және «Технология Комфорта» ЖШС-нің 2 сүт-тауар фермасын салуды да жоспарлап отыр.


Қымбат Слямбеков

Следующая →