Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев: "Ырыс алды - ынтымақ"

ҚР Тұңғыш Президенті әлемдегі мемлекеттер арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып пандемияға қарсы күреске жұмылды

Елбасы үгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазір­гі сәтте де баршаны сабырға, байсал­ды­лыққа шақырды.

- Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазірдің өзінде дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылды. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуа­тын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің же­тістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұ­мыл­дырып, ынтымақтаса әрекет етуде, - деді Елбасы өз үндеуінде.

Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кіріскенін тілге тиек еткен Елбасы соған орай тиісті сақтандыру шаралары жасалғанын айтты.

- Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақы­ланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол бе­ріл­мей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Следующая →