Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы өседі

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күн көріс минимумы, АЕК өсті, соған сәйкес зейнетақы мен басқа да жәрдемақы өзгерді

ШҚО Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция департаментінің ақпараттарына сүйенсек, 2020 жылдан 2022 жылға дейін АЕК 2778 теңге деп белгіленді. Сонымен қатар, минималды зейнетақы 40 441 теңгеге дейін, ал базалық зейнетақы көлемі 17 431 теңгеге дейін артады.

Енді күн көріс минимумы 32 668 теңге, минималды еңбекақы - 42 500 теңге.

- 1 сәуірге дейін белгіленген жас бойынша төленетін зейнетақы 5%-ға индекстеледі, - деп түсіндірді мекеме басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Марина Шаронова. – Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы да өседі. Өсім 2020 жылдың 1 сәуірінен басталатындықтан, жаңа төлемді мамырда алады.

Сонымен қатар, тағы бірқатар мемлекеттік төлемдер де қарастырылады. Әсіресе, төрт немесе одан да көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі.
18 жасқа дейінгі мүгедек бала және бірінші топтағы мүгедек жанды асырап отырған адамдарға берілетін жәрдемақы да өзгереді.

- ШҚО бойынша 236 зейнеткер, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын 40 мың адам, асыраушысынан айырылған 14 мың адам мен мемлекеттік жәрдемақы алатын 45 мың адам жаңа көлемді төлемақы алуға үміткер, - дейді Марина Шаронова.

Барлық сұрақтар бойынша: 22-24-07.
Следующая →