Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан мен Қытай арасында сәлемдеме мен хат алмасу тоқтатылды

"Қазпошта" ҚХР-дан сәлемдемелер мен хат жеткізуді уақытша тоқтатты

Екі ел арасындағы пошта тасымалы коронавирусқа қатысты емес, техникалық себептерге байланысты тоқтаған көрінеді, деп жазды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Қазпошта" АҚ PR-директоры Дилара Зарлықова.

- Қытай тарапынан келетін сәлімдемелерді тасымалдау техникалық себепке байланысты. Коронавирусқа еш қатысы жоқ, - деп атап өтті Зарлықова.

Сонымен қатар ол еліміздің бас санитар дәрігерінің хабарлауынша және ДДҰ зерттеулеріне сай бұл коронавирус заттар арқылы жұқпайтындығын атап өтті.

- Қытайдың пошта әкімшілігінің бастамасымен Қытай мен Қазақстан арасында авто, әуе және теміржол арқылы пошта алмасу тоқтатылды. Сол себепті Қазпошта Қытайға және Қытай арқылы транзитпен басқа да мемлекеттерге (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Тайланд, Шри-Ланка, Тайвань) поштаның барлық түрлерін жіберуді тоқтатты, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан хат немесе сәлемдеме алғанда жаңа коронавирус жұқтыру мүмкін емес екенін мәлімдеген еді. Олар қауіпті вирус адам ағзасында ғана сақталады, ал тұрмыстық заттар арқылы таралмайды деп отыр.


Следующая →