Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Президенті өткен жылы екі ай бойы іссапарда болған

Президент кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков Елбасының былтырғы жылы іссапар мен ресми сапарларға толы болғанын айтты

Кеңсешінің ақпараттарына сүйенсек, былтыр Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 700 хаттамалы іс-шара өткен. Оның ішінде аймақтарға жасаған іссапарымен бірге шетелге барған, отырыстар мен кездесулерге қатысқан кездері бар.

- Мемлекет басшысының қатысуымен ел дамыту мәселелері талқыланған 16 кеңейтілген дөңгелек үстел өтті, сонымен қатар, үкіметтің кеңейтілген отырысы және "Нұр Отан" партиясының саяси бюро отырысы, "Самұрық Қазына" Қорын басқару жөніндегі әдеп кеңесі өтті, - деп атап өтті Махмұд Қасымбеков.

Мемлекет басшысы барлығы 59 күнін іссапармен өткізген, оның ішінде 29 күн шетелге баруға кетсе, 30 күн Қазақстанның ішкі аймақтарын аралауға кеткен.

Бір жылдың ішінде Елбасы 81 заңға, 205 қаулыға, 64 тапсырма мен 20 хаттамаға қол қойған.

Следующая →