Итальяндықтар аязды күндері сиырларын киіндіре бастады
Еуропадағы температураның күрт төмендеуі итальяндық фермерлерді стандартты емес шешімдерге шақырды
Итальяндық фермерлер жануарларды қатты аязда қорғау мақсатында сиырларына киім кигізді, деп хабарлайды МИР24.
Италияның оңтүстігіндегі жануарлар кенеттен келген аязға дайын емес еді. Ал аяздан құтқармақ болған фермерлер қораларды жылытып қана қоймай, малға жылы киім кигізді. Сонымен қатар, суыққа байланысты жануарларды жылы сумен суарып және көбірек жем-шөппен қоректендіруде.
Өткен жылы аязға байланысты итальяндық фермерлер 1,5 миллиард евро шығынға ұшырады. Биыл да жағдай мәз болмауы мүмкін.