Астанада Сирия мәселесі бойынша келесі келіссөздердің раунды туралы алдын ала келісті
Астанадағы Сирия бойынша келесі кездесу Астана форматының мерейтойына және Сочидегі Сирия диалогы съезіне байланысты болады
Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің кезекті раунды 2019 жылдың қаңтар айының соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Бұл туралы сәрсенбіде РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Әзірге сенімді түрде айта алмаймын. Мүмкін, ол қаңтар айының соңында болады. Бірақ жалпы шешім әлі қабылданбады. 23-24 қаңтарда Астана форматының екінші жылдығы және Сочидегі Сирия диалогы съезінің мерейтойы болады.Талқыланатын нәрсе болады, - деді Ресей Президенті Сирияның арнайы өкілі Александр Лаврентьев.