ШҚО-да бір жылда бес мыңға жуық адам құтқарылды
2018 жылды қорытындылай келе ШҚО ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров мекеме жұмысындағы жетістіктер жайлы айтты
Құтқарушылар тек өрт сөндірумен айналыспайтыны белгілі. Олар апат, іздеу жұмыстарына да араласып, жол-көлік оқиғаларының салдарын да жоюға қатысады.
- Биыл өрт-құтқару бөлімшелері алты мыңнан астам шұғыл шақыртуларға шығып, бес мыңнан астам адамды құтқарған. Ал төрт жүз адамға жедел медициналық көмек көрсетілді, - деді ШҚО ТЖД басшысы.
Нұрлан Мадьяровтфң сөзіне сүйенсек, биыл гарнизон арсеналы адам өмірін құтқару және ТЖ жоюға арналған заманауи техникамен толыққан. Республикалық бюджеттен ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитеті 10 автоцистерна, 4 көмекші техника мен бір автокөтергіш сатып алынған.