АҚШ Ресей экономикасына қарсы санкцияларының Қазақстан Республикасына тигізетін әсерін азайтады
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Вашингтонға жасаған сапары кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен осы мәселені талқылады
Бұл туралы ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Келіссөздер барысында Қазақстан мен АҚШ президенттерінің ағымдағы жылдың қаңтар айында қолжеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыруға басты назар аударылды. Сонымен қатар, олар АҚШ-тың антиресейлік санкцияларды енгізу контекстіндегі Қазақстанның экономикалық мүдделерін құрметтеу, сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ-дағы әлеуетті мүше болуына жәрдемдесу тақырыбына тоқталды, - делінген хабарламада.