Бір тапаншаның кесірінен 12 полиция қызметкерін жұмыстан шығарды
Өскемен ІІБ қызметкерлерінің бірі қызметтік қаруынан айрылды. Оның әріптестері өздерінің жұмыстан шығарылуын сотта шешпек
Облыс орталығының ішкі істер органдарында дүрбелең туындады. Үлбі аудандық ІІБ-да ресми тексеру нәтижесінде бір тапаншаның жоғалғаны анықталды.
- Шығыс Қазақстан облысының ІІД-нің бұйрығымен 2018 жылдың 8 маусымында ресми тексеруден кейін Өскемен Ішкі істер басқармасының бірқатар лауазымды тұлғалары теріс себептер бойынша ішкі істер органдарынан босатылды. Бір қарудың жетіспеуі олардың жұмыстан шығуына негіз болды. Осы факті бойынша жеке қауіпсіздік департаментінде сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіледі, - деп хабарлайды ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.