Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық статусы конвенциясына қол қойды

2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтті

оған Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты

Ашхабадта (2002), Тегеранда (2007), Бакуде (2010) және Астраханьда (2014) өткен Каспий саммиттерінің шешімдерін дамыту үшін Каспий теңізі өңіріндегі бесжақты ынтымақтастықтың неғұрлым маңызды мәселелерін талқылау, халықаралық өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу дәстүрлі достық, сенім және тату көршілік жағдайында өтті, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Бес мемлекет көшбасшыларының бәтуаластық және барлық тараптардың мүдделерін өзара есепке алу негізінде тұжырымдалған базалық халықаралық шартқа – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюы жоғары деңгейдегі кездесудің басты оқиғасы болды.  Осы негіз қалаушы құжат заманауи талаптарға сай келетін және жағалау маңындағы елдердің жан-жақты өзара іс-қимылын одан әрі қарқындатуға бағытталған Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін құрады.

Бесінші Каспий саммитінде жағалау маңындағы мемлекеттердің өнеркәсіптік, сауда, энергетикалық, көліктік-логистикалық, инновациялық, туристік, ақпараттық және мүдделілік танытатын басқа да салалардағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және дамытуға ықпал ететін Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою терең қанағаттанушылық сезіммен қабылданды. Осы келісімдерді іске асыру үшін Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретті ведомстволарының кездесулері тұрақты негізде өткізілетін болады. Бес елдің кәсіпкерлері мен бизнес-құрылымдары арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында 2019 жылы Түрікменстанда бірінші Каспий экономикалық форумын өткізу ұсынылды.

Мемлекет басшылары теңіз бен оның жағалау маңы аймағының елеулі мәдени және рекреациялық әлеуетін ескере отырып, Каспий өңірінде экономиканың туристік сегментін дамыту маңыздылығын атап өтті. Тиісті органдарға Каспийдегі туризм тақырыбы бойынша бесжақты консультациялар өткізу тапсырылды.

Президенттер өңірлік деңгейдегі байланыстарды, мәдени алмасуларды, медиа-форумдарды, жастар слеттерін, спорттық жарыстарды және басқаларын қоса алғанда, Каспий маңы мемлекеттерінің әртүрлі форматтардағы ынтымақтастығын жандандыруға қолдау білдірді.

Президенттер Каспий теңізінің бейбітшілік, келісім, тату көршілік және тиімді халықаралық ынтымақтастық теңізі болып табылатындығын ерекше атап өтіп, барлық Каспий маңы мемлекеттерінің арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың одан әрі нығаятынына және дамитынына сенім білдірді.

Бесінші Каспий саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Қазақстан Республикасына ризашылық білдірілді.

Келесі Каспий саммиті келісілген мерзімде Түрікменстанда өтеді.


Следующая →