ШҚО-да 49-шы веложарыс өтті
Қазақстан мен Өзбекстан және Ресей Федерациясының жүзден астам спортшылары көпкүндік дәстүрлі іс-шараға қатысты
4-12 тамыз аралығында веложарысқа "Школьник Қазақстан-2018" Астана, Алматы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстаннан, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы мен Ресей федерациясынан да барлығы - 108 спортшы қатысты.
Спортшылардың жас санаты 17-18 жасты құрады.
Жеті күндік веложарыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының командасы алтынды алды. Ал күміс медальді Өзбекстан Республикасы еншілесе, Жамбыл облысының командасы қола алды. Сонымен қатар, веложарыс кезінде ең белсенді спортшы анықталды. Ол Солтүстік Қазақстанның велоспортшысы - Владимир Муллагалиев болды. Ал "Тау шабандозы" атағы Алматыдан спортшы Өркен Сламжановқа берілді.