Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Бас прокурор: Қазақстанда митингке актерлер үгіттеп жатыр

Елдің Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандатушы хабарламалар мен бейнероликтерді таратып отырғанын айтады

Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады.

- «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде, - делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында. - Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару.Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған.Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютуб» каналында «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.

- «Ютубтың» басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты 23 маусымда митингке шығуға шақырған жас жігіт - Әбілязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен. Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі - «Глазгоу Каледонианың» студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Прокуратура «ДВК» ұйымына Қазақстанда тыйым салынған ескертеді.




Следующая →