Күршім ауданында мал дәрігері суға батып кетті
Күршім ауданында мал дәрігері суға батып кетті. Ал екінші дәрігерді құтқарушылар іздестіруде
Екі медицина қызметкері Маралды ауылынан Үшбұлақ ауылына жануарларға екпе жасау үшін жолға шыққан. Алайда олар діттеген жеріне жетпеген.
Мамандардың болжауынша, ветеринариялық орталық станциясының көлігі Күршім өзеніне аударылып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Куәгерлердің пайымдауынша, Маралды ауылынан бес қашықтықта Күршім өзені бойындағы топырақты әрі тік жар жолда жеңіл көліктің бөлшектері табылған. Тергеу органдары оқиғаның анық-қанығын анықтайды.
- Оқиға орны болуы мүмкін жерді тексергеннен кейін тежегіш іздері табылды. Сондай-ақ, көліктің ізі өзеннің тік жарына қарай бағытталған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Іздеу жұмыстарына ШӨАЖҚЖ және Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қосылды.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда өзендегі судың көлемі қатты көтерілген.
- Іздестіру жұмыстары күрделі әрі экстремалды жағдайларда жүргізілуде, - дейді Күршім ауданының ТЖБ басшысы Азамат Абдурахманов. - Жалпы саны 35 адамнан құрылған ерікті топ (аудандық әкімдіктің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар) құтқарушыларға көмеккке келген. Жұмыстар өзенде, сондай-ақ, жағалау бойында да жүргізілуде.
Кеше ШӨАЖҚЖ-ның тоғызыншы бөлімшесінің құтқарушылары оқиға орнынан 30 шақырым жерден ветеринариялық пункттің бір қызметкерінің денесін анықтады. Ал оның әріптесін іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.