Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астана қаласында есірткі тасымалына қарсы күрес мәселелері талқылануда

ҚР СІМ-де есірткіні бақылау саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумның мүше мемлекеттерінің 10 шолу кездесуі өтті

ҚР СІМ ресми сайтында хабарланғандай, БҰҰ өкілдік делегациясы Астана қаласына Орталық Азиядағы есірткіні бақылау саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумның мүше мемлекеттерінің 10 шолу кездесуіне қатысу үшін келді.

Тараптардың пікірі бойынша алдағы кездесу өңірдегі есірткіге қарсы өзара әрекеттесуге жаңа серпін береді. Сондай-ақ, Ауғанстан аймағынан есірткі қатері динамикасының өсуі ынтымақтастықты нығайтуды қажет етеді.

Кездесу барысында «Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы» (ЦАРИКЦ) жобасының есірткі қатеріне қарсы күресте маңыздылығы атап өтілді. «Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы» Орталық Азияда есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тұтыну және олардың заңсыз айналымын бақылауды күшейтуге маңызды үлес қосуда. Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы 10 жыл жұмыс аралығында елеулі нәтижелерге қол жеткізді және бүгінгі күні аймақтағы есірткі айналымына қарсы күресте бірегей тиімді ақпараттық және үйлестіру құрылымы болып табылады», - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.

Сондай-ақ, өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері Қ.Әбдірахмановтың Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Григорий Пустовитовпен кездесуінде талқыланды.

Алматыда орналасқан Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының дамуына жәрдемдескені және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тараптар өңірлік ынтымақтастықтың құқықтық негізін жетілдіру, алдағы уақытта Орталықты институттандыру, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, донор елдер сондай-ақ әлемнің басқа өңірлеріндегі есірткіге қарсы күрес жөніндегі ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Следующая →