Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Вера Кисленкова
Вера Кисленкова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде атауларды өзгерту бойынша жұмыс тобы құрылды

Облыста тарихи тұрғыдан ескірген жер-су, мекеме атауларын өзгерту туралы Мәдениет министрлігінің ұсынысы бойынша жұмыстар басталды

Құрамына ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер және қаланың құрметті азаматтары мүшелікке енген ономастика жұмыс тобы осы күнде үш отырыс өткізген.

Топ қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарды қарайды. Билік өкілдерінің айтуынша, қазір құжаттарды зерттеп, талқылау үрдістері жүруде.

Мысалы, жұмыс тобы Колхозная көшесіне Ақсу атауын беруді қолдамады. Жұмыс сапары барысында бұл сайлау округінің депутаты халықпен кездесіп, бұл ұсынысты жеткізген. Қала тұрғындары бас тартқан.

- Тұрғындардың бар ұсыныстары мәслихатқа келіп, БАҚ-та бір ай бұрын жарияланады. Сол сияқты тұрғындармен бірнеше кездесулер өтеді, - дейді қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Сағынқазы.

Тілдерді дамыту басқармасы хабарлағандай, олардың қарауына Өскемен қаласы бойынша ешқандай құжат келмеген.

Естеріңізге саламыз, алдыңғы жылдың қаңтар айынан бастап атауларды өзгертуге қойылған мораторий аяқталады.

Следующая →