Қазақстан Египетке қарсылық нотасын бағыттады
Қазақстан СІМ египеттік құқыққорғау органдарымен ұсталған алты қазақстандық студентке байланысты елдің сыртқы саясат мекемесіне қарсылық нотасын бағыттады
Дәл осындай нота Қазақстандағы Египет ісі бойынша сенімді өкілге де берілді, - дейді СІМ баспсөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.
Египеттің ресми билігінің алдында қазақстандық азаматтардың ұсталуына байланысты түсінік беруді және оларға Египеттегі Қазақстан елшілігінің дипломаттары мен консулдарға кіру мүмкіндігін ұсынуды шешімді түрде талап етудеміз, - деді ол.
Қазақстан өз азаматтарының ұсталу себебі туралы египеттік биліктен еш ақпарат алған жоқ.
- Қолдағы ақпараттарға сүйенетін болсақ, 19-20 шілдеге қараған түні олар Египет арнайы қызметімен ұсталған. Бірақ осы сәтке дейін египет жағынан жағдай туралы, ұсталу себептері мен азаматтарымыздың орналасқан жері туралы ресми ақпарат алған жоқпыз. Египет Сыртқы істер министрлігі мен құқыққорғау органдарымен болған бірнеше келіссөз еш нәтиже бермеді, - дейді ол.
Жуықта Египеттегі Қазақстан елшісі Египет жоғарғы конституциялық соты төрағасы мен президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісімен болған жағдайды талқылаған.
Қазақстан азаматтарының ұсталу жағдайын анықтауға әрекеттес болу туралы сұраныстарына қарамастан, қазіргі сәтте еш өзгеріс орын алған жоқ, - дейді ол.