Шығысқазақстандықтар сыбайлас жемқорлықпен күресушілерге онлайн сұрақ қоя алады
Мұндай мүмкіндікті ғаламтор-конференция барысында кез келген адам пайдалана алады
ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2 тамыз күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді
«Ашық диалог» порталында онлайн режімде өтетін конференция барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет, мемлекеттік қызмет сапасы туралы сұрақтар көтеріледі. Пайдаланушылардың сұрағына Агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жауап береді.
Сұрағына жауап алғысы келгендер kyzmet.gov.kz. Сайтына кіріп, «Ғаламтор-конференция» бөліміне кіре алады.