Оңтүстік Корея елге кіруші қазақстандықтарға деген талапты күшейтті
Қазақстандағы Корей елшісі Ким Дэ Сик Оңтүстік Кореяда алты мың қазақстандықтардың заңсыз жүргенін айтады
Қазақстан азаматтарына қатысты тексерулердің күшейтілуі заңсыз еңбек эмигранттарының өсіміне байланысты, деп хабарлайды Sputnik Казахстан сайты.
- Қазіргі таңда Қазақстаннан шыққан заңсыз мигранттар саны Кореяда 5700 адамды құрайды. Визалық режімді қайтару туралы келісімге келгенге дейін бұл көрсеткіш 12 есеге төмен болған, - дейді Қазақстандағы Корей елшісі Ким Дэ Сик.
2014 жылы Кореяға турист болып не жұмыс бабымен, жеке істерімен немесе емделгісі келетін қазақстандықтар елде визасыз 30 күн бола алатын. Онда барған көптеген адамдар бұл ережелерді бұзып, елде қалып қояды.
Осыған байланысты Кореяға баруды көздеген қазақстандықтар қатаң тексеруден өтетін болады.