Өскеменде әйел адам күйеуін өлтірді
Азаматтық некедегі әйел мен ер адам арасында туындаған кикілжіңнің соңы еркектің өліміне әкелген
Күйеуі әйелінің адал екендігіне жарты жылдай күмән келтірген әрі оны үнемі айтатын болған. Оқиға Жаңа жыл мерекесінде, түнде болған. Мереке күні үш адам – ер мен әйел және қыздың анасы жаңа жылды тойлауға кіріскен. Араққа сылқия тойып алған анасы ұйқыға кеткен. Ал қыздың ұялы телефонына белгісіз біреу хабарласып, ол тысқары сөйлесуге шығып кеткен.
Ері болса, бұған шыдамай, артынан қуып, жанжал шығарған. Нақсүйері болса, асүйге кіріп қолына пышақ алып, ер азаматты бірнеше жерден ұрған. Еркек тіл тартпай қаза болған.
Қылмыскер полицияға өзі хабарласқан. Кейін сот залында жұбайын өлтіргісі келмегенін, тек қорқыту үшін көзін жұмып, бірнеше рет пышақ сілтегенін айтқан. Алайда сот оның бұл куәгерлігіне сенбей, қасақана қылмыс жасағанын дәлелдеген.
Кінәлі әйел 8 жылға темір торға тоғытылды. Оның үстіне ол қаза болған ер адамның апайына 800 мың теңге моральдық төлем төлеуі тиіс.