Қазақстан Еуразиялық одақ аумағында қару-жарақ тасымалдау келісімін бекітті
ҚР Парламент мәжілісі сәрсенбіде пленарлы отырыста «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қызметі бабындағы және азаматтық қаруды тасымалдау туралы» заң жобасын мақұлдады
Құжат сенатқа жіберілді. Келісім қызметтік және азаматтық қару-жарақтарды Еуразиялық экономикалық одақ елдері төңірегінде тасымалдаудың тәртібін бекітеді. Сонымен қатар, қызметтік қару-жарақтарды бақылауда ұстаудың мәселелерін шешеді.
Келісімшарт қызметтік және азаматтық қару-жарақтарды тасымалдаумен айналысатын заңды тұлғаларға, өзінің кәсіпкерлік қызметіне қажетті қару-жарақтар транзитімен айналысатын физикалық тұлғаларға арналады.