ЭКСПО-2017 төңірегінде орналасқан мейрамхана иесі қымбат бағаның себебін түсіндірді
Ғаламторда өз бағаларымен танымал болған Tay Qazan мейрамханасының иесі мекемедегі тағамдардың бағасы туралы айтып өтті
Tengri News сайтында хабарланғандай, мекеме өзін жоғары деңгейдегі қазақ асханасы ретінде танытады және өз клиенттеріне a La Carte жүйесінде қызмет көрсетеді. Бұл жүйдегі өзге мейрамхана бағаларымен салыстырмалы түрде айтсақ, баға айтарлықтай жоғары емес.
a La Carte жүйесі әр тағамның дайындалуына және клиенке қызмет көрсетуде мейрамханалардың халықаралық стандартына сай мүлдем өзгеше әдіспен қарайды.Мысалы мейрамханада тек жаңа ғана дайындалған тағамдар ұсынылады. Бұл жерде жартылай фабрикаттар мен жылытылған астар берілмейді. Сонымен қатар жоғары сапалы азық-түліктер ғана пайдаланылады.
Егер ет болса – отандық ангус немесе солтүстік өңірден таңдалған жылқы еті ғана. Егер палау үшін күріш керек болса ерекше сорттардың аламыз. Атап айтқанда, лазердің 1 килограммы 1200 теңгеден. Сондықтан бізде қарапайым палау 1600 теңгеден, ал «Мерамдық» - 3800 теңге. Егер қызанақтар болса, базардан ең керемет ташкенттік қызанақтарды таңдаймыз. Дүкендердегі вакуумдік қапшықтағыларды алмаймыз. СЭҚ талабы бойынша, барлық азық түліктер сертификатталған болуы керек – бұл да баға белгілеуіне әсер етеді, бұл туралы келушілердің ешбірі ойланып жатқан жоқ. Сол сияқты ғаламторда біздің қуырдақтың 6500 теңге тұратыны кең талқылануда. Неге екенін түсіндірейін. Біз қуырдақты жасқа толмаған қозы етінен дайындаймыз. Он айлық қозының салмағы кішкентай екенін бәрі біледі, бірақ арзан тұрмайды. Қазақтарда бұрыннан бері сыйлы қонақтарға жас етті ұсыну қалыптасқан. EXPO-ға сыйлы қонақтардың көптеп келетіні барлығына белгілі, сондықтар оларға қазақ аспазын керемет жағынан көрсетуге тырысамыз, - дейді Рашид Байбулатов.