Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда лаңкестік үшін азаматтықтан айыру ұсынылды

Қазақстан Парламенті сенатының депутаты Георгий Ким Конституцияға лаңкестік үшін азаматтығынан айыруға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізуді ұсынды

"Осы орайда, Конституциялық құрылымның, қоғамдық тәртіп қауіпсіздігін және адам құқықтары мен еркіндігін күшейту мақсатында ұсынамын. Конституцияның 10-бабы 2-тармағын келесі редакцияда көрсету: Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан айырыла алмайды және Қазақстаннан тыс жерге шығарыла алмайды. Азаматтықтан айыру тек сот шешімімен лаңкестік қылмыс жасағаны үшін және республиканың аса зор маңызы бар мүдделеріне зардап әкелгені үшін шығарылады. Аталмыш ұсыныс терроризм қатерінің күрт өсуіне берген жауап болады. Ол xалықаралық тәжірибеге сай келеді. Ол үшін келесідей талаптар орындалуы қажет: азаматтықтан айыру құзырлы органдардың шешімімен ғана жүргізіледі. Біздің ұсыныста тек соттың шешімімен. Екіншіден, себебі қатаң шектелуі тиіс. Біздің редакцияда екі себеп қарастырылған - террорлық қылмысты жасау мен аса маңызды ел мүддесіне зардап келтіру", - деді Г. Ким

Оның айтуынша, осындай шара халықаралық тәжірибеге сәйкес терроризмнің артуына қарсы жауап береді.

"Бұл ұсыныстар Конституция мазмұны мен мәнімен және xалықаралық құқық тәжірибесіне сәйкес келетіндіктен, Парламент депутаттарын осы ұсыныстарды қолдауға шақырамын", - деп атап өтті ол. 

Следующая →