Қазақстандық велошабандоздар Бахрейндегі чемпионатта үздік атанды
24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бахрейн астанасы Манамеде шосседегі веложарыстан Азияның 37-чемпионаты өтті
Велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық жарыста жеңімпаз атанды.
Дүбірлі доданың жалауы бүгін желбіреді. Бахрейнде өтіп жатқан жарыста ел намысын Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов сынды «Астана» велоклубының шабандоздары қорғады.
Екінші орынды Жапония шабандоздары иеленсе, үздік үштік Гонконг спортшылары түйіндеді.