Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанға Ұлыбританиядан келетін өмірге маңызды дәрілер жеткізілмей қалуы мүмкін

АИВ бар қазақстандықтар британдық фармкомпаниялардың бағаны төмендетуден бас тартқаны үшін өмірге маңызды дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

GlaxoSmithKline британдық компаниясы Қазақстанды АИВ АИВ инфекциялыларға арналған препарат арзан бағада қолжетімді болуына мүмкіндік беретін ерікті лицензияға қосудан бас тартты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, "Долутегравир" дәрісіне бағаны 25 есеге төмендету (қорабына $4,5) келіссөзі БҰҰДБ мен СК "Фармация" ЖШС арасындағы серіктестік аясында мүмкін еді.

- Баға осыншалықты төмен болса, АИВ бар қазақстандық пациенттерге заманауи антиретровирустық терапиядан өтуге жақсы мүмкіндік болар еді, - делінген хабарламада.

Алайда, GlaxoSmithKline компаниясының патентіне ие болған ел өкілдерінің айтуынша, "Долутегравир" дәрісі тек табысы төмен немесе дағдарыс жағдайындағы елдерге ғана беріледі.

- Бұндай елдерге лицензия беріледі. Алайда Қазақстан халқының табысы орта табыстан жоғары болғандықтан, бұндай лицензия ала алмайды. Ал ондай құқыққа ие болған елдер қатарында Укарина, Тәжікстан мен Өзбекстан бар, - делінген хабарламада.


Следующая →