Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Полиция бөлімшелерінің санын қысқарту Ішкі істер органдарын жаңғырту жол картасына сәйкес жүзеге асырылады
Жыл басынан бері Қазақстанда полицияның қызметін оңтайландыру аясында 10 600 қызметкер қысқартылды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Бұл қысқартулар кешенділігі жоқ және артық басқарушылық міндеттердің жойылуына байланысты болды. Қысқартылған қызметкерлердің 596-сы қазіргі уақытта жұмысқа қайта тұрған.
Енді қысқарту жоспарда жоқ. Өткізілген оңтайландыру нəтижелері қазіргі уақытта үкіметтің қаулысымен нормативтік-құқықтық негізде бекітілген. Ол ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.