СҚО әкімі екі науқас балаға пони сыйлады
Пони балаларға иппотерапея үшін қажет. Ал екі жануар Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының кавалерия взводының жылқыларына қосылды
Оны Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сыйлады, деп хабарлайды "Казинформ" сайты. Балалар науқасынан айығу үшін ат міну терапеясын (иппотерапея) қабылдайды. Ал балалар болса, науқасына байланысты атқа міне алмайды. Есесіне, пониге міне алады.
Ендігі кезекте, науқас балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері аптасына үш рет келіп, пониге мініп серуендей алады.
Балалар атқа ер тоқымсыз мінеді. Бұл арқа мен аяқ бұлшық еттерінің қимылдауына көмектеседі.