Қазақстан шектеу қойылған кейбір ресейлік тауарларды елге кіргізуге рұқсат бермек
Тасымалдауға уақытша шектеу қойылған азық-түліктердің тізімі Россельхознадзорға берілмек
- Қазақстан жақын арада Россельхознадзорға негізсіз шектеу қойылған азық-түлік тауарларының құжаттарын қайтарып, шектеулерді алып тастайтынын хабарлады, - дейді Россельхознадзор.
Ресей ақпарат қызметі хабарлағандай, Қазақстанның негізсіз енгізген шектеу шаралары мен ресейлік ауылшаруашылық тауарларына қатысты зертханалық тексерістердің күшеюі жайлы мәселені Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт пен Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева екеуінің кездесуінде талқыланған.