Өскеменде орнатылып жатқан металл шырша тұрғындарға ұнамауда
Комендантка арнасына орнатылған қылқаны жоқ темір шыршаны қала тұрғындары ұната қоймады
Өскемен қаласы Жаңа жылды қарсы алуға дайындық үстінде. Мәселен, Коменданка өзеніне қазірдің өзінде шырша орнатылып қойылған. Темірден тұрғызылған шыршаның бірде-бір жапырағы жоқ, ал төбесіне жарық жұлдыз тағылған екен. Шырша түнде жарқырап тұрады.
Десе де бұл шырша қала тұрғындарының көбіне ұнай қоймады. Олардың ойынша, табиғи шыршаға жетер ештеңе жоқ. Ал кейбіреулері "темір шыршаның орнына жасанды шырша орнатуға болады ғой" деген пікірлер айтып жатыр.
- Металл шырша де түнде әдемі көрінеді, жарқырап тұрады, - деп жазды кейбір тұрғындар әлеуметтік желіде.
Қазіргі уақытта Республика алаңындағы орталық шыршаны орнату жұмыстары аяқталып қалды. Бұл да жасанды шырша, бірақ шынайы шыршаға қатты ұқсайды.