Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан электр жарығына төленетін шектік тарифті бекітпек

Елдің энергетика министрлігі электр жарығын өндіруші компаниялармен тыңдалым өткізіп, 2019 жылға арналған шектік тарифті бекітпек

Жуырда Қауіпсіздік Кеңесіндегі отырыста Мемлекет басшысының электр энергиясының тарифтерін қалыптастыру мәселелері бойынша жүктеген міндеті мен "Электр энергетикасы туралы" заңға сәйкес, Энергетика министрлігі 2019 жылдың негізді әрі шекті тарифін айқындау үшін жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Тыңдаулар кестеге сәйкес өткізілетін болады. Ол отырыстарда 2019 жылдағы электр энергиясының шекті бағасын айқындау үшін 2018 жылы өндірілген электр энергиясының өзіндік бағасы талданады.

Қазіргі таңда "Қазақмыс Энерджи" ЖШС, "Топар басты үлестіру энергостанциясы" ЖШС, Шымкент ЖЭО, "3-Энергоорталық" АҚ, ЖЭО -2 және "Арселор Миттал Темиртау" АҚ ЖЭО, "Согра ЖЭО" ЖШС материалдары зерттеліп жатыр.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы нарығымен бірге секторға инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге бағытталған электр қуаттылығы нарығы жұмыс атқаратын болады.

Қуаттылық нарығы енгізілгеннен кейін электр энергиясының тарифі екі бөлікке: электр энергиясы тарифі және қуаттылығы тарифіне бөлінетін болады.

Следующая →