Өскеменде итке тұмылдырық тақпағаны үшін айыппұл салынды
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел түрде жеткен
Оқиға бейсенбі күні кешке Тәуелсіздік даңғылы бойындағы аулалардың бірінде болған. Итке тұмылдырық салмай қыдыртып жүрген 28 жастағы тұрғынға айыпп салынды.
- Ит пен мысықты ұстаудың ережелерін бұзған азаматтарға 3-10 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл салынады, - дейді ШҚО ПД.
Айта кеткен жөн, биылдың өзінде осындай заңбұзушылыққа жол берген 4800 шығысқазақстандық азаматқа айыппұл салынған.