Пәтерін жалға беретіндерге салық төлеу керектігін ескертеді
Жылжымайтын мүлкін жалға беру құқығына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ жеке тұлғалар да ие
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескерткендей, Қазақстанда кірген кірістен, оның ішінде, пәтер жалға беруден түсетін кіріс үшін салық төленуі керек.
Егер жеке тұлға пәтерін жалға беріп, жылдық табысы 12 реттік минималды табыс көлемінен аспаса, ол азамат өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге міндетті емес. 2018 жылы бұл сома 339408 теңгені құрап отыр.
Жалға берушілер өз еріктерімен салықтық деклорацияны толтырып, декларациядан кейін 10 күн ішінде кірісінің 10%-ын салық ретінде төлеуі керек.