Қазақстанда құрылысы бітпеген үйді сату туралы жарнамалауға тыйым салынды
Алматыың сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылысы бітпеген нысандарды неге жарнамалауға болмайтынын түсіндірді
Үлескердің құқығын қорғау үшін құрылысы аяқталмаған үйді жарнамалауға болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
2008 жылы алаяқ мердігерлердің кесірінен көптеген үлескер баспанасыз қалып, наразылық пайда болған еді. Аталған шешімнің қабылдануына аталған оқиға себеп болған.
Әлі салынып бітпеген үйді сату туралы жарнамалар аталған тұрғын үйдің міндетті түрде салынып бітетіндігін хабарлап, үлескерлерді ойынан жаңылыстыруы мүмкін.
- Үлескерлер жергілікті атқарушы биліктен бұл салынып жатқан құрылыстан хабардар деп ойлап, пәтер сатып алуға рұқсат етілген деп жорамалдауы мүмкін, - дейді сәулет басқармасы.
Қазіргі уақытта құрылысы әлі бітпеген нысандарды жарнамалаған үш ұйымға 650 АЕК (1,5 млн теңге) есебінде айыппұл салынған.