Қазақстанда сүт дайындау өнеркәсібі дамуда
Ал сүттің бағасы маусым сайын өсуде
Бір жылдың ішінде шикі сүттің бағасы 17 пайызға, қаймақ пен ірімшіктің бағасы 9 пайызға, қою сүттің бағасы 12 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Сүт өндірісі де былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Яғни, бір жылдың ішінде 240,2 млрд теңгеге тең сүт өнімі саудаға шығарылған.
Қазақстанда сүт өндірісінің саласы да кеңейіп келеді. Мәселен, Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылында былтыр түйе сүтін өңдейтін зауыт салынған. Мұнда шұбаттың өзі ғана емес, шұбаттан жасалған ірімшік, қаймақ, сүзбе сынды өнімдер де өндірілмек. Кәсіпкер кәсіпорынды ашу үшін 600 млн теңге жұмсаған.
Ал бұған дейін Ақмола облысында ешкі сүтін өңдейтін кәсіпорын іске қосылған болатын. Зауыт жылына 350 тонна сүт өнімін шығара алады.
Қазақстандық өндіріс ішкі нарықты сүтпен 84,1 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Ал экспортқа тек 3,3 пайызы ғана жіберілген. Ал бір жылдың ішінде экспорт бір жарым есеге өскен.