Қазақстандағы қой еті Қытай мен Иранға сатыла бастады
Қазақстан қой еті экспортын арттыруға күш сала бастады
ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева 2016 жылы 306 тонна қой етінің экспортталғандығын айтады.
- Шілде айында қой етін сату туралы Қытаймен және Иранмен қаулыға қой қойылды. Соған байланысты жылдың соңында қой етінің сталымы өседі деп үміттеніп отырмыз. 20 шілде күні Батыс Қазақстан облысынан Иранға қарай 18 тонна қозы еті жіберілді, - дейді Гүлмира Исаева.
Ветериналды бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 20 шілдеге дейін 5,3 мың тонна ет сыртқа сатылған.
- Былтырғы жылмен салыстырғанда экспорт 1/3-ге азайған. Бұған Қырғыстанның құс етін сатып алмауы себеп, - дейді министр.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде бидай эспорты 27,6%-ды, ұн 19,4%-ды құрайды. Былтырғы бидай экспорты 8,7 млн тонна болса, биыл 2017 жылдың 20 шілдесіне дейін 4,056 млн тонна болған.