Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтар енді жалдамалы пәтерлерін жекешелендіре алмайды

Елімізде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қайта өзгергелі жатыр. Үкіметтің арзан шаршы метріне қоныстанған азаматтар сол пәтерлерін енді жекешелендіре алмайды деген сөз

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Казахстанцы не смогут оформить арендное жилье в собственность
Фото:
info-astana.kz

Индустрияландыру бағдарламасының қалай орындалып жатқанын әр жарты жыл сайын президенттің өзі жеке тексереді. Миллиардттар жұмсалып жатқан ауқымды шаруаға енді су жаңа Инвестициялар және даму министрі жауапты. Тым қобалжып кеткен Жеңіс Қасымбекті Елбасы басынан сипай қойған жоқ. Келген бойда, бірден мінберге жүгіртіп жіберді.

-Баяндамаңды баста. Бірден жұмысқа кіріс. Уақыт жоқ.

Мінберге зулаған министрдің есебінше, 6 айда 175 миллиард теңгеге  30 жоба іске қосылып  4 мың адам тұрақты жұмыс тапқан. Бүгін бұл тізім 8 зауытпен толығып, Петропавлда трактор, Ақтауда мотор майы, Павлодарда пойыздарға доңғалақ шығаратын өндіріс ошақтары бірінен соң бірі  пайдалануға берілді. Тікелей эфирде Елбасы іске қосқан нысанның ішінде  голландиялық раушан гүлдерін өсіретін Екібастұздағы жылыжай да бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Раушан гүлдерің міне, алдымызда тұр. Сендер өсірген. Бұны бізден алып кетіп еді, нидерландықтар. Енді қайтадан алып келдік. Барлығы сатылып жатыр, Астанада да, Қазақстанның барлық жерінде. Бұл да керек, және табыс әкеледі.

Бір талы 155 теңге тұратын раушанды айтпағанда, киім-кешек, дәрі-дәрмек, тіпті бала ойыншығына дейін шығарыла бастаған. «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар отандық жаңа өнімдердің саны 500-ден асыпты. Ел экономикасын өрге сүйрейтін индустрияландыру бағдарламасы мұнай мен газға тәуелділіктен арылтуы тиіс. Яғни, бюджетті шикізаттан түскен пайдаға телміртпей табыстың басқа көзін іздеу қажет деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

-Түпкі мақсат  дағдарыстан елді аман-есен алып  шығу. Екіншісі халықтың әл-ауқатын төмендетпей, керісінше, табысын жоғарылатуға жағдай жасасақ. Бірақ, бекерге беретін мемлекеттің ақшасы жоқ. Өзбекте мақал бар: «Бекер отырғанша бекер жұмыс істе деген».Сондықтан бізде соны үйренейік. Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылуы керек бізге. Қазақ жұмыс істемесе, еліміздің болашағы мүшкіл болады. Қазақстанда әр адамның жұмыс тауып,өзін асырап жағдайын түзеуге барлық жағдай бар.

Телекөпір үстінде Назарбаев тосын мәлімдеме жасап, елімізде мемлекет жалға берген үйдің сатылуына тыйым салуды ұсынды. Яғни, Үкіметтен арзан бағамен алған баспананы азаматтар енді мүлдем өз атына жекешелендіре алмауы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бұл жұмыс күшін қаладан қалаға жылдам көшіріп отыру үшін қажет. Яғни қызметкерлер басқа шаһар немесе облысқа барғанда жалға арзан пәтер ала алатын болуы тиіс. Ел бойынша осындай желі құрайық.

Сондай-ақ, алдағы уақытта бюджет ақшасына үй салатындардың саны азайтылмақ. Арзан пәтер тұрғызумен тек жалғыз мемлекеттік компания айналысқалы отыр.

Осылайша, тұрғын үй ережесі бастан-аяқ қайта өзгеруі мүмкін. Ал Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындардың санына емес, өнімінің сапасына мән беруге пәрмен берді. Сонымен қатар шатқаяқтаған экономиканы қыруар қаржымен әзер әлдендіріп отырғанын ашық айтқан Елбасы, үлкен мақтынышпен көрсетілген зауыттардың тұралап қалмауын  әкімдерге қатаң қадағалауды тапсырды.

Следующая →