Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда жазасын өтеуші келіншекті түрме қызметкерінің жүкті қылғаны дәлелденді

Наталья Слекишина бір ай бұрын өзін колония қызметкерлері зорлағанын айтып, арызданған болатын

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Установлено отцовство надзирателя, участвовавшего в изнасиловании заключенной
Фото:
readovka.ru

Алматыда тергеу абақтысы қызметкерлерінің жазасын өтеуші әйелді зорлағандары дәлелденді. Сараптама қорытындысы бойынша, Наталья Слекишина жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп кінәлаған 4 азаматтың бірі түрмеде туылған баланың әкесі болып шыққан. 

Ержан Мырзакеров, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы:

- Қылмыстық іс қозғалды. ЛА 155/18 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты. Заңсыз жыныстық қатынасқа түскен. Сараптаманың нәтижесі бойынша, сол 4 қызметкердің біреуі анықталып отыр.

Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін мәлімдеген болатын.

 Әйелдің айтуынша, олар бұл әрекеттерін өткен жылдың тамыз айында бірнеше рет қайталаған. Ал 32 жастағы Наталья төрт бірдей түрме қызметкеріне қарсылық білдіре алмапты. Сөйтіп, жүкті болып, қыз туған. Кейін жәбірленуші сотқа шағымданып, арнайы сараптама тағайындалды. Міне, ақыры оның қорытындысы шығып, қыздың әкесі анықталып отыр. Бірақ тергеушілер әзірге 4 азаматтың да есімін құпия ұстауда. Сотқа тартылып жатқан абақтының 2 қызметкері қазір жұмыстарын емін-еркін жалғастырып жатыр. Үшіншісі өз еркімен қызметтен кетсе, тағы біреуі зейнетке шыққан. Айта кетейік, түрме қызметкерлерінің қатысы болғандықтан, қазір іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға жіберілген.

Следующая →