Қазақстан қарызға батып жатыр
Ел қазынасында дефициттің орын алғандығы белгілі болды. Министрлер кабинеті Халықаралық дамыту банкінен қарыз алуды көздеп отыр
Фото:
politolog.net
Қаржы Министрлігің ұсынысымен Мәжіліс депутаттары бір ауыздан келісті. Өте үлкен қаражатты қарызға алуды энергетикалық ресурстар бағасының төмендеуі себепті шешті. Республика бюджетіне кірістің кіруі үш есеге азайған. Қаржы Министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов әр теңгенің қайда кеткендігі жайлы мәлімет беріп отыратындығын жеткізді. Миллиардтап алынған қаржының жартысы Еуропа-Батыс Қытай Халықаралық тас жолының құрылысын жалғастыруға бағытталады. Ал несие берушілермен Қазақстан 20 жыл бойы есептесетін болады – деп мәлімдеді «КТК телеарнасының сайты».
Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі
- Бүкіләлемдік банктен қарыз алуды тартып жатқандығымыз – халықаралық институттармен іргелес жұмыстың кешені. Бүгін біз бес халықаралық қаржы институттарымен келісімге қол қойылды. Олардың қатарында бізге 8 миллиард теңгеден артық қаржыны қарызға беруге ұсыныс жасаған Бүкіләлемдік банк те бар.