Қазақстанда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған ұйым анықталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "1WIN" ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
Ол елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдік бар, деп мәлімдеді ҚР ҚМА.
Аталған ұйым Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған.
Мыңдаған жерлестерімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған, - делінген ақпаратта. - Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.
Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасуда.