QNET ұйымдарының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр
Qnet компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғасы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Qnet компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғаcы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп жазады baq.kz.
Оның сөзінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар мен рұқсаттар жоқ. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасына санкция берді, - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.
Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады. Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болсаңыз немесе таныстарыңыз бен жақындарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса, агенттікке хабарласыңыз, - деп айтты Әлібек Әбділов.