Отандық ғалымдар битумның жетілдірілген нұсқасын әзірлеуде
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жол жөндеу тиімділігіне әсер етеді
Салыстырмалы талдаудың көмегімен ғалымдар битумның тұтқыр компоненттерінің тас материалдарына адгезиясының мөлшерін температураның кең диапазонында бағалай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҒЗИ жол жабынының сапасы мен ұзақ мерзімділігі құрылыс кезіндегі техникалық процестерді және осы кезде пайдаланылатын материалдарды сақтаудан едәуір дәрежеде болатынын мәлімдейді. Асфальт жамылғысының мерзімінен бұрын бұзылуы битумның қышқыл минералды толтырғыштарға нашар жабысуынан болады.
Қазақстанда және шетелде жолдарды пайдалану тәжірибесі минералды материалмен байланыста болған кезде су қиыршық тас дәндерін оңай ылғалдандырып, олардың бетінен битум қабыршағын аршып тастайтынын куәландырады, - деп хабарлады ҚазжолҒЗИ.
Жол төсемін дайындаудың жаңа технологияларын зерттеу жөніндегі бағдарлама шеңберінде битум тұтқырлығының әртүрлі температуралар кезінде минералды материалдармен тұтасуын бағалау бойынша сынақтар жүргізіледі және әртүрлі адгезиялық қоспалардың битумдардың қартаю процестеріне әсері айқындалады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері әр түрлі климаттық жағдайлар үшін асфальтбетон жабынының оңтайлы компоненттерін тиімді таңдауға көмектеседі деп болжанады. Ал бұл жол төсемдерінің қызмет ету мерзімін 3 жылға арттырады және пайдалану шығындарын 15% - ға төмендетеді.