Банктер ірі купюраны майдалағаны үшін комиссиялық төлем алуға құқылы
Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің Өскемендегі облыстық филиалындағылар мәлімдеді
Өскемендіктер енді ірі купюраларын ұсату үшін ақшаларының белгілі бір процентін банкке төлеуге міндетті. Бірақ не үшін екенін банктегілер түсіндірмеді. Әр банктің комиссиялық пайызы әр түрлі. Біреуінде соманың 1%-ы болса, бір жерлерде одан да жоғары.
- Комиссияның алынуы заңды, - дейді ҚР Ұлттық банктің Өскемендегі облыстық филиалы мамандары. – Бұл пайыздың ішіне касса қызметкері, инкассация, ақшаны сақтау және қаптау жұмыстары кіреді.
Ал ескі банкнотты жаңа банкнотта айырбастағаны үшін банк комиссиялық төлем алуға құқылы емес. Айта кетейік, екі аптаның ішінде қазақстандықтар 2006 жылғы екі, бес және он мыңдық валюталарын жұмсап үлгерулері керек. 3 қазаннан бастап олар жарамсыз деп танылады. Бұл банкноттарды екінші деңгейлі банктерде 2017 жылға, Ұлттық банк бөлімшелерінен 2020 жылға дейін айырбастап алуға болады.
Егер кәсіпкерлер 3 қазаннан бастап ескірген банкноттарды қабылдамайтын болса, кіші бизнес – 5 АЕК, орта – 10 АЕК, ірі бизнес иелері үшін – 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал банктерге 50 АЕК көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Следующая →

Тақырыптар:
Банки ВКО