БАҚ: Брэд Питт айырылысар алдында балаларын ұрып тастады
Лос-Анджелес құқық қорғау органдары балаларына қаталдығы үшін актерге қылмыстық іс қозғады
Шетелдік БАҚ өкілдері Брэд Питтің куәгерлердің көзінше балаларын соққыға алғаны туралы хабарлады. Полиция қылмыстық іс қозғап, жұбайларды тергеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға көпұлтты жанұяның Лос-Анджелеске ұшып барғанында орын алған. Шошынып, таң қалған Анджелинаның көзінше Брэд балаларын айқайлап, балағаттап, бірнеше рет соғып жіберген. Полиция қызметкерлері жанжалды журналистерге тиянақты баяндап берді. Лос-Анджелес құқық қорғау органдары балаларына қаталдығы үшін актерге қылмыстық іс қозғады.
Джоли мен Питт, айрылысу үрдісінде жүрсе де, полиция учаскесінде тергеуде болып шықты. Жуық арада олардың алты баласы: Мэддокс, Пакс, Нокс, Захара, Шайло және Вивьен куәлік береді. Жұлдыздардың жақын ортасынан алынған ақпараттар бойынша, актер қол көтергені туралы фактіні жоққа шығарып, оның тек жаман жақтарын көрсететініне алаңдайтын көрінеді.
Жанжал ұшақта орын алғаны белгілі. Жұбайлар мен балалары арасындағы ұрыс әуе кемесінен шыққаннан кейін де жалғасқан. Бұл Джолидің бірнеше күн бұрын неге Питті «ызақор нашақор» деп атағанын түсіндіреді. Анджелина күйеуінің тыйым салынған дәрі-дәрмектерді пайдаланғаны үшін өзін-өзі басқара алмағаны үшін балаларға қауіп төндіретінін мәлімдейді. Ажырасудың ресми себебін Джоли бітпейтін қайшылықтар деп айтқан. Оның айтуынша, Брэд кейде аушыға булығып, туысқандарына шынайы қауіп төндіреді. Актриса күйеуінің ерсі қылықтарының себептерін де түсіндірді. Питт шөлмекке жиі жүгінеді және есерткі пайдаланғандықтан өзін басқара алмайды дейді актриса. Брэд Анджелинаның ажырасуға берген арызымен тозақтың есігін ашты дейді. Оның айтуынша жанжалдың кесірінен бірінше балалары зардап шегеді дейді. Питтке жақын ақпарат көздері, оның нашақорлық пен алкоголизмге жақын еместігін айтады. Барлық айыпты қасақана айтылған өтірік дейді.
Алайда, 22 қыркүйекте Брэд отбасын сақтап қалу үшін медициналық көмекке жүгінуге дайын екендігін жариялаған. Голливудтің актері алкоголь мен есерткі тәуелділігінен емделмек. Бұл туралы Брэд достарына: «Энжи жынды, бірақ мен оны әлі де сүйемін» деген сөзді қоса айтқан. Актер жеңіл есерткі мен ішімдікке жүгінгенін мойындады, бірақ әрқашан жақсы әке, күйеу бола, қол көтермегенін айтқан. Питт Лос-Анджелесте тайсалмай балаларын бірге бағуға құқық алып бере алатын заңгер іздеуде. Брэдке Анджелинаның тағы бір мүмкіндік беруі өте қажет. Ол тәуелділіктен емдейтін курстарға баруға дайын екенін айтқан. Брэд Анджелинаны әлі де ес түссіз жақсы көреді. Ол оған құмар және оған қасақана ауыртпалық тигізуге тырыспаған, - дейді жұптың ортақ танысы. Қызығы сол, Джоли Питті кешірген күннің өзінде полициямен орын алған жағдайды шешу әлдеқайда қиын болмақ.
Следующая →