Алаяқтар тендерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынған
Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды

Бұл қаржы пирамидасына 60 адам 490 млн теңге салған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ақпаратына сүйенсек, күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынған.
Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылды, - делінген хабарламада. - Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.
Сонымен қатар, күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайын енесіне ресімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген. Дегенмен, тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.
Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті. - Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қаржы пирамидасын құру және басқару"), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру") бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.