Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл оқушысы су құбырынан электр қуатын алу жүйесін әзірледі

Бұл жүйе бойынша көппәтерлі үйлердің құбырларындағы су ағынын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге болады

Новости Казахстана / Ауыл оқушысы су құбырынан электр қуатын алу жүйесін әзірледі
Фото:
pixabay

Оны Бесқарағай ауданы Н. Баймұратов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Дидар Баталов ойлап тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл оқушы туралы ақпаратпен оқу-ағарту министрлігі "100 жаңа есім — 100 новых лиц" айдарында таныстырды.

Жас өнертапқыш ұстазы Мейрамғали Жексенаевтың жетекшілігімен көппәтерлі үйлердің құбырларындағы су ағынын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру жүйесін әзірледі.

Дидар Баталов

Жоба су есептегіштеріне ұқсас шағын турбиналарды құбырларға орната отырып, тұрақты түрде қалыптасатын қысымды тиімді пайдалану арқылы оны электр энергиясына айналдыруды көздейді. Яғни, мұндай шағын гидроэлектростанциялар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдарын жарықтандыруға қажетті электр энергиясын өндіре алады, сондай-ақ пәтерлерге дербес орнатуға да болады. Құрылғы экологиялық таза әрі тиімді шешім ретінде көмір мен басқа да отын көздеріне тәуелділікті азайтуға ықпал етеді, - дейді өнертапқыш Дидар Баталов.

Бұл жаңашыл идея баламалы энергетика саласында жаңа қадам болмақ және болашақта қала инфрақұрылымын жетілдіруде маңызды рөл атқаруы әбден мүмкін.

Следующая →