Қырағылық - басты қару
Ұлттық ұлан әскерлері - мемлекеттік тұлғаларды, маңызды стратегиялық нысандарды қорғаумен әрі қоғамдық-құқықтық тәртіпті сақтау, төтенше жағдай кезінде құтқару сынды жауапты жауынгерлік міндеттерді атқарады
Кез келген әскери қызметкер Ұлттық ұланда қызмет еткісі келеді. Бұл - зор абырой. Әсіресе, Ұлттық ұланның маңызды нысандарды күзетумен айналысатын әскери бөлімшелері құпияда ұсталады. Жауынгердің өмірі мен қызметі үлкен жауапкершілік арқалайды. Бұл әскерилердің жауынгерлік қызметі мен ерлігі жайлы елімізде жақында жарық көрген әрі көрерменнің зор ықыласына бөленген, шынайы оқиға желісін арқау еткен "Алтыншы бекет" фильмі тұшымды баяндап бере алған.
Ұлттық ұланның өзге әскери бөлімдерден ерекшелігі - күнделікті қызметінің қарумен байланыстылығы. "Ұлттық ұланға келіп, қару ұстамай қызмет қылу мүмкін емес" дейді жауынгерлер.
Отан қорғаушылар күніне орай, елдің тыныштығын күзетіп, бейбіт күн орнатқан аяулы жандар - Ұлттық ұлан мен оның құпияда ұсталған әскери бөлімшесі жайында баяндауды жөн көріп отырмыз.
Өскемен қаласы маңында орналасқан Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылылығына қарасты 6699 әскери бөлімі түзету мекемелерін күзетумен айналысады. Әскери бөлімнің алты ротасы облыс аумағында орын тепкен 6 жалпы режімдегі түзету мекемесін күзетеді. Оның үшеуі Өскемен қаласында орналасса, бірі Шемонаихада, ал екеуі Жаңғызтөбеде. Әскери бөлімнің 1-ші, 2-ші, 3-ші атқыштар ротасы Өскемен қаласы маңындағы түрмелерді бақылауға алады.
Әскери бөлім осыдан бес жыл бұрын түзету мекемесін тек мұнарада тұрып, сырттан ғана қарауылдаған болса, қазір түрменің ішкі тәртібіне де жауап беретін болған. Ал әскерилер болса, қылтың-сылтыңға қарамай, қатал тәртіпке бағынған әскери қатаң режім орнатқан. Бұл сотталғандарға ұнай қоймаған көрінеді. Алғашында бүлік пен лаң шығарып, әскери тәртіпке қарсылық танытқан. Кейін әскерилерді жеңе алмайтынын білген соң, арандатушылыққа көп баратын болған.
Ұлттық ұланның құрыштай қатқан қағидасы, болаттай қорытылған тәртібі бар. Ол - тұтқынмен байланысқа түспеу. Бұл - заң тұрғысынан қудаланатын жаза. Сондықтан әскери қызметкерлер де, қатардағы жауынгерлер де қатаң қағидаға қызмет етеді.
Әскер қатарына қабылданғанына он айдан асқан 3-атқыштар ротасының сарбазы Сапархан Бақытжан жауынгердің басты қаруы қырағылық екенін айтады.
Следующая →

Тұтқындарды қарауылдайды

- Әскери қызметкерлер түзету мекемесіндегі сотталушыларды қарауылдаумен, тасымалдаумен айналысады. Басты бұйрық - олардың қашып кетпеуін қадағалау әрі түзету мекемесіне заңсыз заттар мен бұйымдарды енгізбеу. Әскери борышын өтеуге келген сарбаздар төрт ай бойы арнайы дайындықтан өтіп, қолына қару алып, түзету мекемесінің мұнара бекеттеріне барып, қарауыл жасайды. Бір мұнараға үш сарбаздан орналасады. Ал әскери қызметкерлер болса, түрменің ішінде жүріп, тұтқындардың тәртібін қадағалайды, - дейді әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының аға көмекшісі, капитан Бахтияр Асқарұлы.Бақылау пунктіне қойылған сарбаздар мен кинологтар түзету мекемесіне кіріп-шыққан адамдар мен көліктерді тексеріп, бөгде заттардың бар не жоғын анықтайды. Аға көмекшінің айтуынша, сотталушымен жүздесуге келген жандардың көбі ақша, есірткі, ұялы телефон сынды заттарды түрменің ішіне кіргізіп, тұтқынға беруге тырысады.
- Мәселен, 20 наурыз күні әскери қызметкерлер мекеме аумағына енген Газель көлігінің рамасына жасырылған ұялы телефонды тауып алды. Әйел адамдар көйлектің, етектің ішіне ақша жасырып өтпек болады. Мұндай астыртын әрекеттер жайлы біз күні бұрын біліп, болжап отырамыз. Ал бізге жетпеген қылмыстық деректерді бақылау пунктінде тұрған жауынгерлер анықтайды. Кинологтарымыз әскери қызметтен өзге, азаматтық істерге де жұмылдырылады. Мәселен, 15 наурыз күні жоғалып кеткен үш жасар баланы табуға көмектестік, - дейді капитан.
Арандап қалмауы тиіс
Әскери бөлім осыдан бес жыл бұрын түзету мекемесін тек мұнарада тұрып, сырттан ғана қарауылдаған болса, қазір түрменің ішкі тәртібіне де жауап беретін болған. Ал әскерилер болса, қылтың-сылтыңға қарамай, қатал тәртіпке бағынған әскери қатаң режім орнатқан. Бұл сотталғандарға ұнай қоймаған көрінеді. Алғашында бүлік пен лаң шығарып, әскери тәртіпке қарсылық танытқан. Кейін әскерилерді жеңе алмайтынын білген соң, арандатушылыққа көп баратын болған.
- Олардың жалғыз-ақ мақсаты бар. Ол түзету мекемесінен қашып құтылу не қазіргі әскери режімге қарсы төтеп беру. Әскеридің абыройын түсіріп, оған психологиялық қысым жасау. Қасақана іріткі салып, жаппай тәртіпсіздік орнату. Мәселен, бірде қатерлі жұқпалы аурумен ауыратын тұтқын әдейі барып әскери қызметкердің денесін тістеген жағдай болған. Қуанышқа орай, бұл ауру сілекеймен тарамайды екен, - дейді әскери қызметкер.Сондықтан Ұлттық ұланның әскерилері үнемі психологиялық дайындық пен тәрбие сабақтарын өтіп отырады. Сапқа тұрған қарауылшы жауынгерлерге де күн сайын қызметке аттанар алдында психологиялық қолдау көрсетіледі.
- Әскерилер үнемі физикалық дайындықта болады. Ұрыс жасау, қоян-қолтық күрес әдісін пайдаланып, күнделікті жаттығумен айналысады. Ал сарбазға ең бастысы психологиялық төзімділік керек. Сотталушыға арандап қалмауы тиіс, - дейді Бахтияр Асқарұлы.
Сотталушымен сөйлесуге болмайды
Ұлттық ұланның құрыштай қатқан қағидасы, болаттай қорытылған тәртібі бар. Ол - тұтқынмен байланысқа түспеу. Бұл - заң тұрғысынан қудаланатын жаза. Сондықтан әскери қызметкерлер де, қатардағы жауынгерлер де қатаң қағидаға қызмет етеді.
- Ұлттық ұлан қатарына іріктеліп алынған сарбаздың екі басымдығы болуы тиіс. Ең бірінші, сарбаз психологиялық жағынан сабырлы, салқынқанды болуы керек. Ал екіншіден, сарбаздың туған-туысы, таныс-жақыны сотталмаған болғаны дұрыс. Әскери борышын өтеп жүрген жауынгер "Алтыншы бекет" фильміндегідей таныс адамын көріп қалатын болса, оған артық психологиялық күш түседі. Қызметіне жағымсыз әсер етеді, - дейді капитан.Әскери қызметкер мен жауынгер сотталушының арандаушылық қақпанына түсіп қалмау үшін тәрбиеші офицерлер олармен күндіз-түні тәрбие жүргізеді. Егер әскери қызметкердің жұмыстан тыс тұрмыстық, отбасылық, одан өзге де қиындықтары туындаса, ол да қызметінен уақытша шеттеліп, онымен психологиялық жұмыс жүргізіледі. Қызметке дайын болған сәтте ғана сапқа тұрады.
Ұланда қызмет ету - зор мәртебе
Әскер қатарына қабылданғанына он айдан асқан 3-атқыштар ротасының сарбазы Сапархан Бақытжан жауынгердің басты қаруы қырағылық екенін айтады.
- Сотталушының күзет желісін кесіп өтпеуін қадағалау - басты міндетіміз. Сондықтан жауынгердің басты қаруы да қырағылық. Қызметіміз үлкен табандылық пен жауапкершілікті талап етеді. Осы күнге дейін қырағылықтың арқасында оқыс оқиға болып көрген жоқ. Оны болдырмаймыз да, - дейді жас жауынгер.Қарауылға баратын топ таңнан қызметке аттанғанға дейін физикалық жаттығу мен әскери ұрыс тәсілдерін үйренумен болады. Қолына қару алған жас сардар әрбір әрекетін шарт та шұрт шұғыл жасауы тиіс.
- Сапқа тұрып бұйрық берер алдында бекет орнында орындау қажет қимылдарды пысықтаймыз, қайталап көрсетеміз. Ал оған дейін нұсқаулық тыңдап, қарауылдау амалдарын үйренеміз. Рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары жарты сағат психологиялық даярлық жасайды. Бұдан кейін сапқа тұрып, бұйрық алып, қызметке аттанамыз, - дейді сарбаз.Қарауыл тобы тәулік сайын ауысып, төрт күнде бір рет постқа барады. Бір топта алты сарбаз бен қарауыл басшысы, көмекшісі болады. Мұнараны күзететін сарбаздар бір тәулік бойы кезек-кезекпен ауысып отырады.