Сирия бойынша келіссөздердің жаңа раунды Астанада 14-15 мамырда өтеді
Астанадағы Сирияны реттеу жөніндегі тоғызыншы кездесу осы жылдың мамыр айының ортасында жоспарланған
Иран, Ресей және Түркия кепіл мемлекеттерінен басқа, Сирия оппозиционерлері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы және бақылаушы ретінде АҚШ пен Иордания делегациялары шақырылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, кепіл елдердің ақпаратына сәйкес, Астана қаласында келіссөздер барысында тараптар гуманитарлық мәселелерді және сенім шараларын талқылауға, соның ішінде Сириядағы қазіргі жағдайды қарауға ниетті. Үрдісті алға жылжыту үшін келесі қадамдарды үйлестіру және сондағы араб еліндегі дағдарысты реттеу мәселелері де талқыланбақ.
Следующая →