Усть-Каменогорск
пасмурно
-18°
  • Усть-Каменогорск
    -18°
  • Алматы
    -3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -21°
  • Актобе
    -19°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -16°
  • Кокшетау
    -15°
  • Костанай
    -16°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
460.51
+0.59
498.69
-2.62
¥
68.18
+0.09
6.53
-0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде иесіз жануарларға арналған панажай құрылысы жалғасуда

Өскемен қаласында көптен бері талқыға түскен түйіткілді мәселе шешімін тапты

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Өскеменде иесіз жануарларға арналған панажай құрылысы жалғасуда
Фото:
Устинка LIVE

Қазіргі дамыған әлемде иесіз ит, мысықтарды гуманды түрде орталықтандырылған бір жерде асырап, оларды күтіп, баптау үрдісі қалыптасқан. Иесіз ит-мысыққа осындай жағдайды Өскемен қаласында да жасау үшін қала әкімдігі былтырдан бері осы мәселені назарға алып, панажай салу үшін арнайы жер бөліп берген болатын. "Сенім" қоғамдық бірлестігі аталмыш жобаның координаторы ретінде құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Қала әкімі Жақсылық Омар құрылыс барысыммен танысты.

Кез келген қалада иесіз жануарлар, яғни, иттер мен мысықтардың проблемасы бар. Бұл бірнеше жылдар бойы  шешімін таппай келе жатқан проблема болатын. Сондықтан да біздің қаламызда осы жобаны былтырдан бері қарастырып, мәселені шешуді жолға қойдық. Біріншіден, "Сенім" қоғамдық бірлестігі басшыларымен кездесіп, біз оларға арнайы мынау жерді бөліп, жан-жағын қоршап бердік. Әкімдік тарапынан құрлыс жұмыстарына күнделікті көмек көрсетеміз, - деді шаһар басшысы Жақсылық Мұқашұлы.

"Сенім" қоғамдық кеңесінің координаторы Елена Косареваның айтуынша, аталмыш нысан салынғаннан кейін қосымша жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ, өмірде қыйын жағдайға тап болып, күйзеліске ұшыраған жандар осы жерге келіп жан-жануарларды күтіп-баптап өздерінің де психологиялық жағдайын түзете алады.

Енді қала ішінен иесіз қаңғып жүргег ит пен мысықты көрмейтін боласыздар. Себебі "Сенім" қоры 100 жануарға арналған арнайы пана салып жатыр. Қазіргі таңда әзірге 20 мысық пен 4 итіміз бар. Қала әкіміне осы тұста алғысымды білдіргім келеді. Қорға жер телімі берілді және құрылыс барысында үнемі қолдан келгенше көмектерін көрсетуде. Панажайда иттерді күтіп ұстауды ғана емес, сонымен бірге әлеуметтендіруді де қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жоба қала үшін сөзсіз маңызды, - дейді Елена Косарева.

Фото:
Устинка LIVE
Следующая →